Пробиотикті қалай таңдау керек
Пробиотикті таңдағанда келесі талаптарға назар аудару қажет:
Құрамындағы микроорганизмдер туралы нақты ақпараттың болуы.
Микроорганизмдердің туысы, түрі, кіші түрі (қажет болған жағдайда), сондай-ақ штаммның әріптік-сандық белгісінің көрсетілуі.
Штаммдардың асқазан сөлінің төмен pH деңгейіне және өт қышқылдарына төзімділігі.
Жарамдылық мерзімінің соңына дейін жеткілікті мөлшерде тірі штаммдардың сақталуы.
Пробиотиктің тиімділігі кемінде бір рандомизацияланған бақыланатын зерттеуде (РБЗ) дәлелденуі тиіс.
